Павлодарда көршілес тұрған қос жекеменшік үй өртеніп кетті. Төтенше оқиға Екінші Павлодар шағын ауданындағы Омская көшесінде болды, деп хабарлайды BNews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлметінше, Омская көшесіндегі №61 және №63 үйлердің шатыры жана бастаған. Қызыл жалын алғашқы үйге тиесілі гараждың төбесіне де жеткен.
Өртпен күрес жұмыстарына 6 арнайы техника мен 30 адамнан құралған бригада жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша өртенген аумақ 200 шаршы метрді құрайды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Марал Сағынаеваның айтуынша, өрт туралы хабарлама жедел-құтқару отряды құрылымының пультіне кешкі сағат тоғыздан 35 минут кеткенде түскен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Айта кеткен жөн, Павлодар облысында үстіміздегі жылдың 8 айында 548 өрт оқиғасы тіркелген. Осының салдарынан 60 млн 435 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді. Қызыл жалын 20 адамның өмірі жалмап, 18 адам жарақат алған.