|
27.02.2017 | 10:47
1655

Тұрғындардан жемқорлық жайында 150 қоңырау түскен

Тұрғындардан жемқорлық жайында 150 қоңырау түскен

Жымысқы әрекетке барып, жемқорлықпен айналысқандардың әрекетін әшкерелеу ісі бойынша тұрғындардан былтыр 150 қоңырау түскен. Ал, жемқорлық жайында ақпар берген азаматтарға берілген сыйақы 14 миллион теңгені құраған. Белсенді тұрғындардың әрбіріне 130 мың теңгеден беріліпті. Жалпы Алматы тұрғындарының парақорлармен күресуде белсінділігі артқан. Тәулік бойы жұмыс істейтін телефон қоңырауына бір жылдың ішінде әр түрлі 13 мың шағым түскен.

«Азаматтардың белсенділігі жоғары. Тұрғындар тек парақорлық оқиғаларымен ғана емес, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына байланысты да шағымданады. Егер мемлекеттік қызметтегілер сапалы жұмыс істеуден бас тартса онда олардың пікірін тыңдауға қашанда есік ашық, мүмкіндіктері бар. Бұл мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын көрсетеді», - деді  Алматы қаласы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Мақсатхан АНАПИН.  

Бас қосуда парақорлықпен күресудің механизмі талқыланды. Форумға  жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар мен студенттер қатысып, университет қабырғасында орын алатын проблемаларды ортаға салды. Оқу орындарында жемқорлық мәселесін болдырмау үшін жиі сауалнама мен тестті өткізіп тұру әдісі ұсынылды. Студенттердің айтуынша, оқытушылар топтың жетекшілері арқылы түрлі сылтаумен ақша жинатқызуды тоқтатпай отыр.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир