Алматылықтар Әбдімәжит Өтешті ақтық сапарға аттандырды

21.11.2017 22:10

Алматылықтар белгілі педагог Әбдімәжит Өтешті ақтық сапарға аттандырды. «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен жаназаға ұстаздың жора-жолдастары, әріптестері, шәкірттері мен туыстары келді. Әбдімәжит Қоңырбайұлы 60-қа қараған шағында жүрегі сырқаттанып, аяқ-асты бақилық болды. Ол Алматыдағы белді деген физико-математика мектептерінің директоры қызметтерін атқарып, білім саласына қосқан үлесі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

«Мәжит - әр кезде педагог болды. Математиканы жақсы көргендігі соншалықты математика пәні мен сабағымен мына балаларды үйрету методикасын, әдісін оны жан-тәнімен қабылдаған  сұрағы осы. Соған өмірін арнады. Бір емес, бірнеше математикалық мектепті аяғынан тік тұрғызды», - деді Ә. Өтештің досы Серікбай НҰРҒИСАЕВ.