Шалғайдағы науқастарға жедел жәрдем қызметкерлері тікұшақпен барады

Шалғайдағы науқастарға жедел жәрдем қызметкерлері тікұшақпен барады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шұғыл көмекке мұқтаж шалғайдағы науқастарға жедел жәрдем қызметкерлері  енді тікұшақпен барады. Олар алыста тұратын, емдеу мекемесіне өздігінен жете алмайтын адамдарға осындай көмек көрсетпек. Ал, қала ішінде медиктер шақырту түскен орынға 12 минутта жетіп баруы тиіс. Алматылық дәрігерлерге осындай талап қойылып отыр. Олардың жұмысын жеделдету үшін қосымша 40 шақты көлік пен 2 тікұшақ берілген.

«Бұрында жедел-жәрдем станциясы бір жерде еді ғой, қазір қаланың барлық жерінде қосымша станция ашылды. Соның арқасында осындай жетістікке жетіп отырмыз. Жедел жәрдем көлігіне арнайы құрылғы орнатылған. Жедел жәрдем қайтып өз орнына қайтапайды, тұрған жерінде тұра береді. Джепес арқылы көрінеді, қай жерде қандай жағдай болды. Сол жерден қажетті көмек көрсетеді»,- деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, Нұржан ИСАБЕКОВ.


Новости партнеров