«Арми-2018» әскери ойындарында 12 білікті танкист ел намысын қорғайды

16.06.2018 04:45

«Арми-2018» әскери ойындарында Қазақстан намысын 3 экипаждан тұратын 12 танкист қорғайды. Әсери сайыстардың арасында бейресми Олимпиада аталып кеткен жарысқа биыл әлемнің 24 мемлекеті қатыспақ. Тамыз айында  Мәскеудің Алабино полигонындағы кіл мықтылардың бәсекесі  екі аптаға жалғасады. Танк биатлоны бойынша іріктелген сарбаздар қазір «Шығыс»  өңірлік қолбасшылығының Аягөз әскери гарнизоныда дайындалып жатыр.

45 тонна танкті  жеңіл машиданай  шырқ иіретін Дәурен мен Ерасыл іріктеуден өткен санаулы сарбаздардың бірі. Танк биатлонына барудағы міндеті зениттік пульемет, пушкадан нысана дәлдеу. Бұған дейінде бірнеше рет Мәскеу түбіндегі майдан ойындарына қатысқан қайсар жігіттер биыл мүлт кетпейміз дейді.  

«125 мм пушкадан біз төрт түрлі снаряд атамыз. Ол кумулятивный, бронновый войный секілді. Біздерге ең қиыны танк жүріп келе жатқанда алға қарай, біз танкіні солға қарай жүріп атамыз»,-деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы 10810 әскери бөлімінің звод сержанты ЕрасыЛ ЖҰМАҒҰЛОВ .

Төрт жігіттен тұратын үш экипажының әрқайсысы алдағы бір айдан соң 24 мемлекеттен келетін 55 командамен бақ сынасады. Қазақ танкішілері де өзгелер секілді 48 шақырым айналмалы алаңдағы 33 кедергіден өтулері тиіс. Машинаны минаға түсірмеу, ойлы-қыратты жерлерде мергендік пен жылдамдықты сынату сынды қиын кезеңдер секундпен есептеледі.  

«Жарысқа күш салып дайындалып жатырмыз. Қорғаныс министрі, штаб бастықтарынан бастап бәрі дайындықты қадағалап отыр. Танк биатлонының құрамына кіру өте қиын. Таңдаулы деген  жігіттерді  алдық. Ресейде өтетін армия жарысына қатысушы мемлекеттердің саны жыл сайын көбейіп келеді. Яғни бәсекеде жоғары деген сөз. Ауқымды шараны тек жарыс түрінде ғана бағаламау керек»,-деді «Астана» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік даярлық бөлімі бастығының орынбасары Юрий АСҚАРОВ.

Жалпы төрт әскери гаризоннан тұратын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына жүктелген жұмыс жеңіл емес. Шығыстағы екі алпауыт елмен шекарлас жердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қырағылық, қайсарлық сынды қасиеттерді  үнемі талап етеді. Семейдің сары даласындағы 45 градус ыстыққа қарамай сарбаздар полигонында үнемі дайындық өткізсе, қыстың 40 градус ызғарында да  қатал талаптарға төтеп беріп келеді.  

«Шығыс өңірлік қолбасшылығында барлық бар техниканың, бар қарудың әр түрі осы жерде атылып, қолданылып, өздерінің тәжірибелерін сынай алады. Бұл палигонның  ондай мүмкіндігі бар»,-деді «Шығыс» өңірлік  қолбасшылығы барлау полкі командирінің орынбасары, подполковник Сәндібек ҚАЙЫРОВ.  

Бейбіт елдің берекесін бүлдіртпей, шекара тыныштығын бағып отырған әскерлер заманның әрекетіне төтеп бере алатын атыс, байланыс құралдарын қаншалықты меңгергендерін де көрсетті.

«Сарбазы мықты елдің сағы сынбайды» деген сары даладағы сайыпқырандар кез келген сайыс пен қауіптің бетін қайтаруға  дайын. Ал шетелдіктердің алдында шеберліктерін көрсететін  танкистер техниканы  тасымай, жергілікті жерден алады. Ресейде өтетін Армия ойындары тек сайыс қана емес, шеберлік пен күшті  көрсететін әскерилердің бей ресми Олимпиадасы істептес.

Кез келген соғыс жағдайында танк әрқашан алдыда жүреді. Сондықтан да танк қашанда Отанның берік қалқаны саналады. «Армия» халықаралық әскери сайысының танк биатлоны бойынша еліміздің сарбаздары осы уақытқа дейін  алты рет қатыссада, әзірге бірінші орын бұйырмай келеді. Аягөз әскери гаризонының Маилин палигонында  Т-72 соғыс техникасымен дайындықтарын пысықтап жатқан экипажының 12 мүшесі Мәскеуде өтетін бәсекеде кемінде 2-ші, 3- орын алу тапсырмасы міндеттеліп отыр.

Арнайы Алматы телеарнасы үшін Шығыс Қазақстаннан Әмірболат Құсайынұлы, Рашид Шүкірәлиев.