|
24.07.2018 | 10:41
1402

«Бұл менің қателігім»: Сауль Альварес допинг дауынан кейін ет жеуден бас тартты

«Бұл менің қателігім»: Сауль Альварес допинг дауынан кейін ет жеуден бас тартты

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Сауль «Канело» Альварес өзінің қалай допинг дауына іліккені туралы айтып берді. Есте болса биыл көктемде Альварес қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен қарымта матч өткізуі тиіс болатын. Алайда, оның ағзасынан тыйым салынған препараттардың ізі табылып, кездесу қыркүйек айына ысырылған еді деп жазады ESPN Deportes.

Оның айтуынша, болған жайтқа тек өзі кінәлі екен. Тіпті, осы допинг-дауынан кейін мүлдем ет жемейтін болдым дейді мексикалық боксшы.

«Мен бұл дауға тек өзімді кінәлі санаймын, ешкімді араластырғым келмейді. Бұл менің кінәм, өйткені жеуге тыйым салынған заттар туралы оқыған жоқпын, Мексикада етпен проблеманың болатынынан мүлдем хабарсыз едім. Бірақ, мен қасақана допинг қолданғаным жоқ, өз көрсеткіштерімді жақсарту үшін әдейі тыйым салынған препараттарды ішпедім және жемедім. Бұл тек менің қателігім болды. Мексикадағы еттің бұлайша проблема туғызатынын білгенім жоқ. Енді бұл қателікті қайталамаймын», - деді даңқты боксшы ESPN Deportes тілшісіне берген сұхбатында.

Альварес мексикалық ет өндірушілерінің өнімге түрлі препараттар қосатынын енді біліп отырғанын айтты. Сондықтан, бұдан былай еттен жасалатын тағамдардан бас тартамын деп отыр. Ал, қатты тәбеті ашылса ет жеу үшін АҚШ-қа арнайы барып келетінін жеткізді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир