Бюджет қаражатының дұрыс жұмсалуына министрлер жауапты болуы мүмкін

Бюджет қаражатының дұрыс жұмсалуына министрлер жауапты болуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бюджет қаражатының дұрыс жұмсалуына министрлер жауапты болуы керек. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттардың кезекті отырысында осындай мәлімдеме жасады. Айтуынша, қазір ел қазынасынан бөлінген қомақты қаржының қайда жұмсалғанын бірінші басшылар, яғни облыс әкімдері мен министрлер қадағалаулары керек. Алайда, ұлттық экономика министрлігі - ол міндетті бюджеттік бағдарлама жетекшілеріне жүктеп қойған. Мәжіліс төрағасы бұл – барып  тұрған бассыздық деп, жауаптыларға дүрсе қойды. Олқылықты дереу жөндеп, жүктелген міндетті мүдірмей орындауды тапсырды. Қаржы министрлігі берілген тапсырма  дереу орындалады деп сендірді. 

«Қаржы министрлігі жұмсалатын қаражат туралы ақпарды өз сайтында жариялап жатыр. Ал келесіде республикалық, жергілікті және өзін-өзі басқару орындарының бюджеттерін талқылауға көп азаматтарды шақыруға тырысамыз. Сонда қазақстандықтар мемлекет қаражатының қайда және қалай жұмсалғанынан хабардар болып отырады», - деді¤ ҚР-ның қаржы вице-министрі Берік ШОЛПАНҚҰЛОВ. 


Новости партнеров