Қазақстан темір жол компаниясы Шудағы пойыз апатынан қаза болған жасөспірімнің отбасына және басқа да зардап шеккен жолаушыларға өтемақы төлейді. Бұл туралы компанияның басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев мәлімдеді. Ал апаттың себеп-салдары әлі анықталып жатыр. Бүгін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Астанадан Алматыға бара жатқан пойыз вагондарының теміржолдан шығып кетуіне қатысты пікір білдірді. Министр жүк пойызы соққан деген ақпаратты растаған жоқ.
Еске салайық, күні кеше Жамбыл облысының Шу ауданы аумағында №9-шы «Бәйтерек» жолаушылар пойызының бірнеше вагоны жолдан шығып кетті. Оқиға орын алған аймаққа менің әріптесімде аттанған болатын. Әмірболат Құсайынұлының бейнематериалында.
Рельстен сегіз вагон шыққанмен, олардың үшеуі аударылып қалған. Биіктігі екі метрге таяу жолдан құлаған вагондардан мынандай қорқынышты кадрларды әлі де көруге болады. Ортасынан бөлініп кеткен, жерге жартылай кеткен вагондар. Жолаушылардың шашылған заттары, далада шаң басып жатқан темір жолдың матрас, көрпелері. Кеше түскі сағат бірден жиырма бес минут кеткенде құлаған жолаушылар поезында жолсеріктер мен өзгеде қызметкерлерді қоспағанда 829 жолаушы болған. Ауыр жарақат алғандар Шу қалалық ауруханасына жеткізілген.
«Қазір өзіміз шоковый состояниядамыз. Енді түсініп жатқан сияқтымын не болғанын. Жолдасымды көргенде жүрегім қанжылап тұр әрине. Тірі қалдық,оғанда шүкір деп жатырмыз. Тірі қалдық балаларымыздың көз жас ғой. Енді жолдасым екі аяғынан тұрып кетсе. Жалғыз асыраушымыз ғой. Мен үйде кішкентай баламен отырамын»,-деді Айгүл КАРИМОВА.
«Удар болды. Удар болғанда тормоз резкий болды негізі. Сөйтіп вагон шайқалып, сөйтіп бір жағына қарай құлады. Құлаған кезде менде жолдасыма көмектесем деп, сөйтіп олда бір жерден ұсталып алыпты. Менің аяғым терезеден шығып кетті. Сөйтсем бір аяғым жұмыс істемейді. Сөйтсем уже екі аяғым бірден сынды. Оң жағым закрытый, сол жағым открытый перелом»,-деді Әліби БАЙЖАНОВ.
Бұған дейін машинист рельстің қисайып, майысып кеткенін көріп, сағатына 90-94 шақырым жылдамдықмен келе жатқан поездың тежегешін басып, поезды бірден тоқтатқан еді деген ақпарат тараған еді. Ал қазір машинистер мүлдем сөйлесуден бас тартты. Оларды құқық қорғау қызметкерлері тергеуге алған. Ал өзін жолсерікпін деп таныстырған мына жігіттің сөзінше апаттың орын алуына жүк пойызы себеп болған.
Сарышаған-Шу аймағына жақындағанда аударылған вагондарды қазір күшейтілген күзет бақылап тұр. Шұғыл құрылған комиссия істің мән жайын тексеріп жатыр. Комиссияның құрамында Бас көлік прокуратурасы, ішкі істер департаментінің өкілдері, төтенше жағдай комитеті және Қазақстан темір жолы компанияның басшылықтары жүр.
«Медициналық көмек көрсетілді. Психологиялық қолдау жасалды. Және ыстық тамақпен қамтылды. Шу станциясына 7 жолаушылар вагоны жеткізілді. 400-ден аста жолаушылар Алматылыға аттандырылды. Келген жолаушыларға алматы -1 теміржол бекетінде медициналық көмек көрсетілді. Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы оқиға зардаптарын жою бойынша әрекеттерді реттеу үшін оперативтік штап құрылды»,-деді «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев.
Шу қаласында тұратын 12 жастағы бала қайтыс болып, тағы 14 адамның дәрігерлер көмегіне жүгінгені белгілі. ҚТЖ зақым алған әр жолаушыға 480 мың тг дейін төлеп береміз деп мәлімдеді. Ал мына ортасынан бөлініп қалған 14- вагонда Алматылық 18 оқушы болған. Олар, Астанадан қыдырып келе жатқан. Вагон 27 мың вольттік тоқ бағанын қиратып барып тоқтаған. Халықты аса жоғары вольтті тоқ соқпай, сәтті шыққандарына шүкіршілік дейді жолаушылар. Аударылған вагондардың жолсеріктеріде далаға түнеп шықты.
«Бұл жөндеу жұмыстарын аяқтау көзделіп отыр . Бірақ ол уақытқа дейін қозғалыс тоқтатылмайды. Екінші темір жол желісі арқылы тиісті транзиттік состовтар жүргізіліп жатыр. Бұйырса 23.00-ге дейін барлығын бітіріп, ол жердің тиісті өткізу қабілеттілігін тиісті деңгейге дейін жеткіземі»,-деді ҚР ИДМ көліктерді бақылау комитетінің төрағасы Әсет АСАУБАЕВ.
Апатқа ұшыраған ұзындығы 200 метрден асатын теміржолды қалыпқа келтіру үшін ауыр техникалар жеткізілді. 300-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр. Қазақстан темір жол басшылары алдағы бір тәулікте жолды қалыпқа келтіреміз деп уәде беріп отыр. Бірақ Шу станциясында жолаушыларға рейстердің кешігіп жатқаны жайлы жиі хабарлап жатыр. Алайда күннің ыстығына қарамастан баратын жеріне кеткісі келген жолаушылар далада күтуге мәжбүр. Пойыздың рельстен шығып кетуіне не себеп болды алдағы бір айдың ішінде анықталып қалуы мүмкін.