Алматылықтар қандай тағамдарды таңдайды? (1 бөлім)

Алматылықтар қандай тағамдарды таңдайды? (1 бөлім)
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сіз белесіз бе?

Статитикаға сүйенсек, Алматыда 460-тан астам мейрамхана мен кафе бар. Олардың саны ғана емес, сан түрлілігі таң қалдырады!Біз түрлі ұлттардың тағамдары жасалатын ғимараттар шеруіне көзіміз үйренген: бір көшеде жапон суши-барлары,  итальяндық пиццерия және француз асханасы, түрік донері және грузин кәуапы топтасқан.

Десе де біз қайда барсақ та, қандай тағамды таңдасақ та көзге түсерлік «алматылық» екпінді сеземіз. Келушілер бір тағамға тапсырыс берсе де, нәтижесінде олардың алдыларына өзге асты алып келуі ықтимал.

Бүгін біз сіздерге француз,итальяндық, америкалық және мексикалық тағамдар қалай дұрыс берілу керектігін айтамыз...

Мысалы, Алматыда сыра мейрамханалары қарапайым тағам ассортименттерімен. Десе де бұл жерлерде де қызықты сәтер тіркеліп жатады....

  

01.Чечил

Егер чечил құрғақ немесе ауада тұрып қалғандығын байқасаңыз даяршының оның 200 түрі бар деген сөзіне мән бермей-ақ оны қайтаруға құқығыңыз бар.

Нағыз чечил құрғақ болмауы тиіс! Түсі – ақ немесе алтын түстес болып келеді, үстелге берілер алдында сүргіленеді!


02. Френч фрайз

Француз асханасының тағамы. Халық арасында – картоп фриі деп аталып кеткен. Картоп фриін дайындау үшін қолданылатын жартылай дайын өнімдер саны көп. Бірақ ең бастысы сіздер ол картоп пюресі немесе ұнтағынан емес, нағыз бүтін картоптан жасалуы тиіс екендігін білуіңіз қажет.


Сондықтан қабығымен қуырылған, майлы емес, ашық алтын түсті картоп фриіне сенімділік жоғары.

 

03. Пицца

Италияда пиццаның екі мың рецепі барына Қазақстандағы аспаздар қанағаттана қоймайды. Қазақстандық пиццайоло өздерінің рецептері бойынша асты әзірлеп, дәстүрлі емес ингредиент ассортименттерін қолдану арқылы біздің қиялымызды таң қалдыруда! Тұздалған қияр, майонез, ананас пен пиязды араластыру – бұл қазақстандық бас аспаздардың қолданатын өнімдер тізімінің толық нұсқасы емес.

Әдетте нағыз пиццаның қамыры жұқа болып келеді. Дайындауда көп ингредиенттер қолданыла бермейді. Моцарелла ірімшігі қосылады, ол қамырды кесуде созылады.

 

04. «Цезарь» салаты

«Цезарь» салатының стандартты рецепті жоқ. Оны тауық етімен, асшаян немесе арқан балықпен әзірлейді. Дәстүрлі ингредиент: ромен салатының қытырлақ жапырақтары, кептірілген нан және «Цезарь» тұздығы, ал қалғаны – бас аспазшының еркінде.


Егер тауық еті қосылған салат туралы айтар болсақ, кейінгі кезде тауықтың сүбесі немесе тауық төсіне сұраныс жоғары.


05. «Чаудер» сорпасы

Чаудер сыры белгісіз термин – бұл америкалық көкөніс сорпалары. Не білу қажет? Сорпаның Консистенциясы қою болуы керек. Қоюландыруда ұн немесе ұсақталған крекерлер қолданылады.


 

06. Гамбургер

«Гамбургер» термині 1834 жылы пайда болды. Германияда жасалған «гамбургер стейкі» туралы мәлімет ең алғаш рет 1884 жылы «Вечерний Бостон» журналында кездезеді.

«Легендарная Местная Кухня» (I'll Have What They're Having — Legendary Local Cuisine) кітабының авторы Линду Стрэдли (Linda Stradley) бұл туындыны жасаған адамдардың нақты аттарын атайды.


Фаст-фуд индустриясы гамбургердің дәстүрлі рецерпін адам танымастай өзгертті. Дегенмен жақсы мекемеде Сізге сырты жұмсақ, іші қызартылып пісірілген бөлке нан; сиыр етін medium қуырып жасаған котлет, сондықтан оның іші қызғылт болады, ал қызғылт су - қан емес, шырын! Medium қуыру сиыр етіндегі бағалы дәрумендерді сақтауға сепігін тигізеді. Оған кез келген көкеністі қосуға болады. Олар тұздалған қияр, қызанақ, қуырылған пияз болуы мүмкін.

  

07. Тауық қанаттары

Тауық қанаттары (Buffalo Chicken Wings) – тауықтан жасалған атақты америкалық тағам рецерті 1964 жылдың қазан айында Нью-Йорк штатында, Баффалода, «Якорь» барында айтылды. Авторы Терезе Беллисимо.


Не білу қажет? Тағамды классикалық түрде беру: қанаттар, балдыркөк және көк ірімшік негізінде жасалған соус, шыжып тұрған майда қуырылады, ыстық қалпында беріледі. «Қанаттарды» қолмен жейді!

 

08. «Американо» кофесі

Америка́но (аменикалық кофе) – кофені дайындау әдісі: стандартты эспрессо проциясына екі порция ыстық су құйылады.


Сусынды Екінші Дүниежүзілік Соғысқа дейін Италияда ойлап табылған. Бірақ,оның мөлшері үлкен болғанымен, концентративті дәмі кездеспеді. Біз сіздермен Ресейде «американоны» «русианоға» алмастыру туралы қызықты ұсыныс естіген болатынбыз. Атақты сусынды қалай атаса да бастысы көлемі сол қалпында қалады. «Американо» - көлемі үлкен, сондықтан кем дегенде 150 мл ыдысқа құйылып беріледі.


09. Чизкейк

Чизкейк – кілегейлі ірімшікті (филадельфия, маскарпоне) қосу арқылы жасалатын америкалық десерт қазақстандықтардың сүйікті асына айалды. Қамыр қабаты 1 см аспауы тиіс. Тіл үйіретін тәтті дәм жасап шығару үшін жұмыртқаның сарысы да қолданылады. Өкінішке орай, сіз бұл істе кәсіпқой болмасаңыз рецепің өзгертілгенін анықтау қиын. Классикалық нью-йорктік чизкейк ешқандай қоспасыз беріледі – ешқандай жеміс, шоколад, карамель қосылмайды.

 

Тағы да не қоссақ болады? Әрине мекеменің атынан қошемет көрсету қонақжайлылық индустирияның ажырамас бөлігі болып табылады.

Қошемет көрсету – бұл тіскебасар (канапе, шараппен бірге тұтынуға арналған ірімшік) немесе бас аспаз дайындаған ас (кішкентай порция сорпа). Бұл мейрамхананы таңдағаныңыз үшін және күту залында көңіліңізді көтеру үшін беріледі.

Жақсы мекемелерде келішулерге су ұсынылады, ал үстелдің үстінде нан салынған себет тұрады. Ол үшін сізден ақша алмайды! Өз кезегінде даяршыға шайпұл қалдыру  (Қазақстанда 200 бен 3000 теңгенің арасында) – бұл көрсеткен қызмет және тағам сапасына деген қанағатты білдіру!


Мадина Сапар, блогер
фото: Жанибек Алтынов
Аударған Сағымхан Меруерт

тұпнұска

Новости партнеров