Sputnik. Жапонияда дүйсенбі күні таңертең 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды.
Жер сілкінісінің эпицентрі Осака префектурасының солтүстігінде орналасты, зілзала ошағы 13 километр тереңдікте болды.
Жер асты дүмпуінен сегіз адам зардап шекті, әуежайлар мен темір жол көлігінің жұмыс кестесі бұзылды. Үш адам көз жұмғаны белгілі болды.
Тұрғындар зілзала зардаптарының фотосуреттері мен видеосын таратып жатыр.