Алматыдағы 19 автоұрының суреті жария болды

16.08.2018 17:00

Алматы қаласының ішкі істер департаменті автокөлік құралдарынан біреудің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған адамдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз автокөліктің ішінен немесе автобөлшектерді ұрлағандар жайлы тоқтамға келіп отырмыз. Ол тізімді ақпараттық-сараптамалық орталық осы жылдың басынан бері құрған. Қылмыстық жауапкершілікке кем дегенде, үш рет тартылғандардың ғана тізімін жариялаймыз», – деді ІІД өкілдері.

Ал солардың ішінде біреуі, полиция қызметкерлерінің ақпарат базасы бойынша, 33 рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қылмыстық іске бір рет тартылғандар түзелудің орнына бұрынғы жолына қайта түседі. Дәл сондықтан қылмыстың алдын алу үшін адамдар олардың түрін жатқа білуі керек деген тұжырымды алға тарттық. Алматының ішкі істер департаменті осыдан екі жыл бұрын қоғамдық жерлерде және көлік құралдарының ішінде жауапкершілікке тартылғандардың плакатын жария еткен  дейді Алматы ІІД өкілдері.  

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұрлыққа қарсы күрес барысында қоғамдық айыптау нысанын тиімді пайдалану қажет.

«Біз ол нысанды мүмкіндігінше барынша пайдаланып, әлеуметтік желілерде және басқа да ақпараттық байланыс құралдары арқылы таратып жатырмыз. Өз кезегінде белсенді қала тұрғындары олармен күресу жолдарында көмегімен тигізіп жатыр», – деді полицейлер.