Дариға Назарбаева:Тіл мәселесінде шектен шығуға болмайды

02.03.2018 15:41

Тіл мәселесінде шектен шығуға болмайды. Сенатта Дариға Назарбаева депутаттық сауалын орысша жолдағандықтан, журналистер сұрағының астына қалды. Тілшілер сенаторға 26 ақпанда Президенттің «Парламент және Үкімет қызметі мемлекеттік тілде жүргізілсін» деген ескертпесін есіне салды. Бұған сенат депуттатығынан бөлек, Парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы қызметіндегі Дариға Назарбаева тіл мәселесінде шектен шықпау керектігін айтты.

«Орыс тіліне ешкім тыйым салған жоқ, депутаттық сауалымды осы тілде жасадым, маған ыңғайлы тілде. Бәріміз Президенттің тапсырмасын орындауға тырысамыз. Орыс тілін ешкім жоққа шығарған жоқ, олай болмайды да. Өзгелерді де сыйлау керек, сондықтан мұндай мәселелерде шектен шығудың қажеті жоқ. Ұлтаралық бірлікті ешкім жоққа шығармады. Еліміздің аумағында қолданылатын тілдер еліміздің Конституциясымен бекітілген», - деді ҚР Парламент сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға НАЗАРБАЕВА.