Sputnik. Белгілі кеңестік және украиналық педиатр Евгений Комаровский менингит қандай жағдайда таралатынын сұраған қазақстандық әйелдерге видео жолдады. Дәрігер ата-аналар балаларын қорғау үшін не істеу керек екенін айтты.
"Менингококк өмірге өте қауіпті, инфекция жұқтырған адам дәрігерге дереу қаралғанның өзінде жиі қаза тауып жатады. Профилактиканың басты әдісі — вакциналау, алайда менингиттің барлық түріне бірдей вакцина жоқ", — деп жазылған видеоға.
Дәрігер Комаровскийдің айтуынша, менингиттің алдын алу үшін бөлмедегі ауаны жиі ауыстырып, міндетті түрде серуендеуге шығу керек, адамдармен қарым-қатынасты шектеп, қолды жуып, мұрын мен тамақты шайып отыру маңызды.
Сонымен қатар маман жұқпалы аурудың белгілерін тізіп шыққан екен.
Қазақстанда жыл басынан бері менингиттен 13 адам көз жұмды, оның алтауы – 14 жасқа толмаған бала.