Кореялық жиһанкездер Алматыға ат басын бұрды

25.07.2018 00:20

Алматыға Пусаннан арнайы Еуразиялық экспедиция келді.

Кореялық делегация өз халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін танытуды мақсұт тұтқан.

Жиһанкездер сапарларын Владивостоктан бастап, Санкт-Петербургте аяқтамақ. Экспедиция мүшелері бас-аяғы 12 мың шақырым жол жүруді жоспарлап отыр. Енді экспедиция Астанаға аттанды. 

«Қазақстан мен Кореяны мәдениет пен тарих байланыстырады. Мәселен, Алматы облысынан табылған «Алтын адам» мен Пусан қаласының маңынан табылған Сио династиясының артефактілері бір-біріне өте ұқсайды. Тіпті, ондағы өрнектеріне дейін бірдей деп айта аламын. Одан бөлек, басқа да табылып жатқан археологиялық құнды заттар екі ел байланысының тереңде жатқанын көрсетеді», – деді  Корея Республикасының Алматыдағы бас консулы Чжон Сынг МИН.