Денсаулық сақтау министрлігі дәрілердің бағасының шарықтауына қарсы күреспек

12.10.2017 в 03:51

Дәрі-дәрмек бағасының шарықтауына қарсы күресті енді Денсаулық сақтау министрлігі қатаң бақылауға алмақ. Аталған ведомство мемлекет тарапынан сатып алынған дәрілік заттардың бағасын реттеудің қолданыстағы жүйесін жаңғырту және медициналық технологияны бағалау бойынша халықаралық механизмді енгізу арқылы нарықтағы бағаны халыққа қолжетімді етуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ жауаптылар бағаны реттеу арқылы оны халыққа қолжетімді ету шарасы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолға алынатының алға тартып отыр. ¤

 

«Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар бағасын мемлекеттік тіркеу процедурасын әкімшілік кедергілерді азайта отырып оңтайландыру. Еліміздің дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласындағы барлық реформалар ҚР денсаулық саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде осы аталған басты бағыттарды жүзеге асыра отырып, жүргізілетін болады», - деді  ҚР Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің менеджері Айнұр СЕЙДАЛИЕВА.

 

¤Айта кетейік, маусым айының қорытындысы бойынша, антибиотиктердің жылдық баға өсімі айтарлықтай жоғарылаған болатын. Нақтырақ айтсақ, ампицилин 25,2 пайызға қымбаттаған. Антисептикалық дәрілер бағасы бір жылда 10,6 пайызға, витаминдік препараттар - 3,4 пайызға, медициналық бинт - 9,3 пайызға, мақта - 2 пайызға қымбаттады.