Сенаторлық сайлауға түскен Алматы қалалық мәслихатының депутаты 98 пайызбен жеңіске жетті. Бұдан кейінгі мансабын Парламент Сенаторында жалғастыратын Динар Нүкетаеваға сайлаушылардың 32-і дауыс берді. Тек қалалық мәслихаттың 2 депутаты ғана дауыстарын әріптестеріне бермеді. Алматының атынан сайлауға түскен үміткерлердің саны әу баста сегіз адам болғанмен, соңғы кезеңге тек үміткердің ғана аты тіркелді.
Алматы қаласының атынан сенатор тағына таласқысы келіп, өз-өзін ұсынған адамдардың саны әу баста сегіз адам болған. Бірақ талапқа сай салықтық құжаттарды жинауға келгенде бес адам бәсеке жолынан шығып қалған. Мәслихат депутаттары қатаң іріктеуден өткен тек үш адамға ғана дауыстарын берді.
«ҚР Паралмет Сенаторлығына Орталық сайлау комиссиясы тарапынан үміткерлерді сайлаудың бір ерекшелігі енгізілді. Ол тәжірибелі түрде интернет-функцонал дейді. Таңдаушыларды электронды түрде тіркейді. Өздеріңіз көргендей әр таңдаушы өзінің құжатын көрсетіп, функционалға тіркеліп, сол диагроммада қанша таңдаушының келгені көрініп тұрады», - деді қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Жанна АСАНОВА.
Сайлауға екі депутат мүлдем келмесе, қатысқан мәслихаттың 34 депутаты жарты сағаттың ішінде үміткерлерін таңдап үлгерді. Әр құжатты көзден таса қылмай, сайлау ережелерінің заңды өтуін қадағалауға 20-дан астам адам қатысты. «Ауыл», «Ақ жол», «Бірлік» партияларының өкілдерінен бөлек 14 халықаралық қадағалаушы да келген.
«Бізде Литвада Сенат сайлауы өткізілмейді. Үміткерлерде жоқ. Тек халық таңдайды, солар дауыс береді. Біз сіздердегі Сенат сайлауын бірінші рет бақылауға келіп, көріп отырмын. Жалпы жақсы өтті. Тағатын ешқандай мініміз жоқ», - деді халықаралық бақылаушы Дангуоле ЯКШТЕНЕ (Литва).
«Профессоналды парламент болу керек. Біз көріп отырмыз. Өкінішке орай, әлі заң саласында жасалатын жұмыс көп. Сол жерде білікті, танымал адам болатын болса, халықтың пікірін, ойын жеткізетін мамандар керек. Алматыда шешілетін мәселе аз емес. Мәселен, метро басталды да қазір бәсеңдеді. Жолайырқтары. Аэропорттың дамуы. Экологияға байланысты», - деді қалалық Мәслихаттың депутаты Рахман АЛШАНОВ.
Сенатор орынтағына отырғысы келген Алексей Балаганский кәсіпкер болса, тағы бір кандидат Бекзат Шуақов өмірін көгалдандыру, орман шаруашылығына арнапты. Бірақ екеуіде тек бір бір дауыстан ғана алды. Ал мемлекеттік қыздар педагоикалық университетінің ректоры, қалалық мәслихаттың депутаты болған 53 жастағы Динар Жүсіпәліқызын 32 әріптесі қолдады.
Жалпы ел аумағында өткен сайлауға 3165 үміткер бағын сынаса, науқанға 288 халықаралық байқаушы қатысқан.
Әмірболат Құсайынұлы, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы