Депутаттар демалысқа кетті

01.07.2017 15:32

Депутаттар демалысқа кетті. Парламент екінші сессиясында атқарылған жұмыстарды қорытындылады. Екінші сессияда қос палатаның екі бірлескен яғни, мәжілістің 38 және сенаттың 25 жалпы отырысы өткізілген.   Осы уақыт аралығында парламент қарауына 111 заң жобасы жіберіліп, оның 84 қабылданған. Айта кетейік, Мемлекет басшысы қол қойған 66 заңды парламент қабылдапты.