|
09.11.2016 | 14:57
3273

Жетісу ауданындағы Веницанов көшесінің тұрғындары балалар алаңына зәру

Жетісу ауданындағы Веницанов көшесінің тұрғындары балалар алаңына зәру
Бір көшенің тұрғындары балалар ойнайтын алаңқайға зәру. Жетісу ауданындағы Веницанов көшесінің жұрты бүлдіршіндерін далаға шығарудан қалған. Өйткені, көшеде көлік көп, балалар алаңқайы болған жер қазір қаңырап бос жатыр. Тұрғындар аудан әкімдігіне алаңқай салып беру туралы хат жазған. Алайда, өтініштері қанағаттандырылмапты.

Көлемі 100 шаршы метр болатын бұл аумақ бұрын балалар ойнайтын алаңқай болған. Қоршаулы жер бірнеше жыл бұрын сүріліп, тегістеліпті. Алаңқайынан айырылған бүлдіршіндер қазір көше бойында ойнауға мәжбүр. Алайда, 5 ай бұрын болған қайғылы оқиғадан кейін тұрғындар балаларын үйден шығарудан қорқып қалыпты. Дәл осы қиылыста 8 жасар баланы көлік басып мерт қылған.

"11 маусым күні осы жерде жол көлік оқиғасы орын алды. Менің 8 жасар ұлымды көлік қағып кетті. Балам сол жерде қайтыс болды. Өйткені, мұндағы балалар ойнайтын алаңды алып тастады. Содан кейін балалар көше бойында ойнайды. Өте қауіпті",- деді Анатоли ВАСИЛЬЧЕНКО.

"Өзіміздің баламызды далаға шығаруға қорқамыз. Машина мына жерден өте қатты жүреді. Енді бір іс-шара қолданып, мына жерді ретке келтіріп, қоршап балалар алаңын жасап берсе соған разы болатын едік",- деді Эльдар ҚОЖАМБЕРДИЕВ.

 
Тұрғындар алаңқай салып беру туралы хат жазған. Алайда, Жетісу ауданының әкімдігі аумаққа алаңқай салынбайтындығын айтыпты. Аудан атқамінерлері аумақ магистралды жолдың бойында орналасқан және трансформатор желісіне тиесілі болып есептеледі екен. Сондықтан, балалар алаңын салуға болмайды, -дейді.

"Веницианов және Ниязбеков көшелерінің қиылысында орналасқан осы жер теліміне балалар алаңын орнату мүмкін емес. Бұл жерде автокөліктердің қозғалысы жоғары. Оған қоса мұнда трансформатор орталығы орналасқан. Бұл инженерлік желілердің қорғау аймағы болып саналады",- деді Алматы қаласы Жетісу аудандық комуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы, Ермек БАЙМҰХАМБЕТОВ.
 
Жалпы, Жетісу ауданы бойынша жыл басынан бері 30 аула жөндеуден өткен. Оған жергілікті бюджеттен бөлінген 210 млн. теңге жұмсалыпты. Алайда, аталған жер теліміне балалар алаңқайын салу жоспарда жоқ.

Аршын Кемелжан, Валерий Таубалдиев, "Алматы" телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир