Алматылық оқушылар Универсиада кезінде демалады

Алматылық оқушылар Универсиада кезінде демалады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының мектеп оқушыларына кезектен тыс демалыс берілуіне орай сабақ кестесі өзгертіледі. Универсиада кезіндегі демалыс білімгерлердің көктемдік каникулдарына еш әсер етпейді. Олар 21 наурыздан 2 сәуірге дейін демалатын болады. «Бұл спорттық ойындар қарсаңында берілген қосымша демалыс» - деп түсіндірді Білім басқармасындағылар.

«3 тоқсанның аяғына дейін қосымша сабақ кестелерін бекіту арқылы 9 күн ішінде өтпеген материалдардың барлығы қосымша сабақтар арқылы өтетін болады. Әрбір білім беру ұйымының басшысы өз білім беру ұйымдарында қосымша сабақ кестесін бекітетін болады», - деді  Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Ләззат ЖЫЛҚЫБАЕВА.

Универсиада ойындарының өтуіне байланысты 218 мың шәкірт қаңтардың 30 мен 8 ақпан аралығында уақытша тыныстайтын болды. Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрлігі ресми түрде мәлімдеген еді. Ал, қаладағы колледж бен жоғарғы оқу орындарының білімгерлері бұл аралықта демалмайды. Олардың сабақ кестесіне өзгеріс енбейді.


Новости партнеров