|
19.04.2018 | 11:14
6868

Алматы қаласы ІІД-нің басшысына қарсы түскен шағымдар расталмады

Алматы қаласы ІІД-нің басшысына қарсы түскен шағымдар расталмады

Алматы қаласының Ішкі істер департамент басшысы Серік Күдебаевтың жұмысын министрлік тексерді. Бұған оның қоластындағы қызметкелерінің бас ведомствоға анонимді жіберген шағымы сеп болған.  Бір топ наразы полицейлер департамент басшысының жұмысында заңсыз әрекеттер барын келтіріп, Медеу, Наурызбай және Алмалы аудандарының Ішкі істер бөліміне басшылыққа өз туыстарын отырғызды, полицейлерден ақша жинады және жұмыс нәтижесін қолдан көтерді деп шағымданған еді. Министрлік бұған дейін жаман жақтан көптің назарына ілікпеген генерал-майор Күдебаевтың жұмысын тексерген. Нәтижесінде шағымдағы фактілер расталмай шықты. 

«Шағымда айтылғандай аудандық ІІБ бастықтарының департамент бастығына қатысы жоқ екені анықталды. Жүргізілген анонимді анкеталау нәтижесінде жеке құрама арасындағы моральдық - психологиялық ахуалдың қалыпты екенін көрсетті. Сондай-ақ Күдебаевтың тарапынан ақшалай қаражат жинау, заңсыз тапсырма беру мен қызметтік жалған өсіру фактілері де расталған жоқ», - деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас САДУБАЕВ.

Сондай-ақ министрлік тұтқындалған қырғыз кәсіпкері жайында да мәлімдеме жасады. Белгілі болғандай, 17 сәуірде түн уақытында үш қазақстандық өздерін полиция қызметкері деп таныстырып, қырғыз кәсіпкері мініп келе жатқан көлікті тоқтатып, ұрлап кеткен. Дереу іздеу шаралары арқасында мамандар адам тұтқындағандардың ізінен түсіп, оларды Жамбыл облысында ұстаған.

«Арнайы операция нәтижесінде Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкерін заңсыз тұтқыннан босатып алды. Алматының үш тұрғынына осы қылмысты жасады деген айып тағылып отыр. 17 сәуірде Алматы- Тараз автожолында көлік мінген күдіктілер өзге көлікті күшпен тоқтатқан. Олар өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, көлік жолаушысын ұстап алып кеткен. Құтқару операциясы кезінде, жәбірленуші зардап шеккен жоқ», - деді ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас САДУБАЕВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир