Жамбыл облысында 10 келі марихуана тәркіленді. Полицейлер 21 жастағы есірткі сатушыны Шу ауданында қолға түсірген.
Белгілі болғандай, рейд барысында Белбасар ауылының тұрғыны тәртіп сақшыларының күдігіне ілінген. Кейін ауыл тұрғынын тексеру барысында азаматтан 10 келі 550 грамм марихуана табылды. Сатушы кінәсін толығымен мойындады.
Қазір ұсталған адам қамауға алынып, алдын ала тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, қылмыстық оқиға «Көкнар-2018» шарасы барысында ашылған.