Жамбыл облысында жаңа хирургиялық орталық ашылды

08.06.2018 22:30

Бүгін облыста лазерлі хирургияның жаңа бөлімі өз қызметін бастады. Мұнда соңғы үлгідегі эксимерлі лазер, әлемдік стандарттарға сай диагностикалық жабдықтар толығымен қамтылған, деп хабарлайды 77news.kz AA тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, еліміздің әрбір жетінші тұрғыны көз аурына шалдыққан. Қуаныштысы, дәрігерге дер кезінде қаралу — бұл жағдайды жоя алады. Әсіресе, жаңа технологияларға уақытылы көріну көз ауруын қалпына келтіреді екен.

Лазерлі ота жасауға арналған жабдықтар облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының мұрындық болуымен және шетелдік инвесторларды тарту арқылы сатып алынған екен. Ал, мұндай ота түрі әзірге ақылы түрде жүргізіледі. Болашақта бұл қызмет түрі медициналық сақтандыру негізінде  тегін көмек ретінде жүргізіледі, —  дейді мамандар.