Жаңа қаріпті мектеп қабырғасынан бастап енгізуді қолға алған жөн

Жаңа қаріпті мектеп қабырғасынан бастап енгізуді қолға алған жөн
Жаңалықтармен бөлісіңіз

¤Қазақтың әліпбиі-қазақ үшін жаңару керек! Алматыда жиналған қоғам қайраткерлері осыны ортаға салды. Олар бұл бастаманы  кейінге қалдырсақ,  кеш қалатынмыз сөзсіз дейді. Сондықтан, мектеп қабырғасынан бастап, жаңа қаріпті енгізуді қолға алған жөн. Оның үстіне, техниканың тілін де латынша сайратып жіберу түкте қиындық тудырмайды.

¤«Латын әліпбиіне өту дегеніміз біздің рухани тәуелсіздігіміз. 1993 жылы біз рубль аймағынан қалай шықсақ, соның қандай экономикалық маңызы болса, қазіргі мынау кириллицаның бұғауынан шығып, бүкіл әлемдік латын әліпби әлеміне енуіміз бұл да рухани маңызы өте зор», - деді¤ қоғам қайраткері Қазыбек ИСА.

Латын қарпі - қазаққа таңсық емес. Оны меңгеру - қиындық тудырмайды. Қазақстанның еңбек ері Аягүл МирАзова да осындай пікірде. Білікті ұстаз осы күні еліміздегі барлық мектеп оқушысы латын таңбаларымен жақсы таныс екенін айтады. Оның үстіне, ерексектер де түрлі гаджеттерді емін-еркін пайдаланады. Сондықтан, жұрттың жаңа әріптерді жатсынуы мүмкін емес. Ширек ғасырдан астам шәкірт тәрбиелеумен келе жатқан ардагер - отандастарымыздың бұл бастамаға бей-жай қарамауы керек дейді. Өйткені, латын қарпіне қайта оралу – тәуелсіз  еліміздің тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі әрі бірегейі.               

¤«Техниканың дамыған кезі ғой. Техниканың тілі сол латын әліпбиіндегі әріптермен жазылып тұрған жоқ па? Олай болса, біз өмірдің жаңа талабына, жаңа белестеріне  барынша дайынбыз және осы кезеңнен қиналмай өтеміз деп ойлаймын», - деді  қазақстанның еңбек ері Аягүл МИРАЗОВА.


Новости партнеров