Еліміздің батыс және оңтүстік бөлігінде күн қайта ысиды

13.07.2018 20:07

Қазгидромет 16 шілдеге дейінгі ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды Sputnik.kz.


«Тропосфералық процестердің қайта құрыла басталуы Сирия және Ирак аймағынан ыстық ауа массаларын Қазақстанның батыс бөлігіне және республиканың оңтүстігіне әкеледі», – деп хабарлайды синоптиктер.

Оның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, температура плюс 40-43°С дейін қайта көтеріледі.

Ал республиканың шығыс бөлігіне Сібірден салқын және дымқыл ауа біртіндеп түсе бастайды. Сондықтан мұнда жылы ауа-райы сақталады, кей жерлерде найзағай, екпінді жел мен өткінші жаңбыр болжанады.

Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын болады, бірақ батыс облыстарда қалыпты нормадан 3-7°С жылырақ болады.