Математика, физика сияқты жаратылыстану пәндеріне рухани құндылықты енгізу керек. Таиланд елінен келген тәжірибелі педагог Арт Онг Джумсай елдегі ұстаздарға осындай кеңес берді. Педагогтың пайымдауынша, балаға сабақ түсіндіру кезінде ең басты құндылықтарды есіне салып отыру керектігі айтылды. Мәселен қосу-алуды ғана үйретпей, оны сүйіспеншілікке баулып, тәрбиелеген жөн. Тәжірибемен бөлісу барысында доктор бүкіләлемдік табиғи апаттық проблемаларға да тоқталды. Атап өтерлігі, бұл шара «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып ұйымдастырылған.
«Ғалым Джумсайдың айтып отырғаны Шәкәрім Құдайбердіұлының ілімімен біртұтастай көрінді. Джумсайдың айтқан пікіріммен ортақ қосыламыз. Біздің бұрынғы рухани ұздаздарымыздың, әсіресе қазақ еліндегі ұстаздардың айтып кеткен түйін ойларының Таиланд елінен келіп отырған ғалымның ойымен сабақтас екенін көріп отырмыз. Және біз осы ілімді өзіміздің ата-бабаларымыздың білімдерін пайдаланып та дұрыс бағытта келе жатыр екенбіз деген қорытындыға келдім», - деді «Бөбек» орталығының адами үйлесімділікті дамыту институтының бөлім басшысы Райхан МҰРАТХАНҚЫЗЫ.