Жаркент түбіндегі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

Жаркент түбіндегі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«ҚазАвия» әуе компаниясы Жаркент түбіндегі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 1 млн теңгеден қаржылай көмек көрсететін болды. Марқұмдардың мәйіті жер қойнауына тапсырылыпты. Ал, апат болған аумақта тексеру жұмыстарын жүргізген арнайы комиссия ұшақ бөлшектерін Алматыға алып келген. Олар әуе кемесінің не себепті апатқа ұшырағанын анықтау үшін сараптама тағайындаған.

«Ұшақтың не себепті құлағаны туралы зерттеу жұмыстары жақын арада шығатын түрі жоқ. 1-2 айдың шамасында болады. Масимжанның отбасына 1 млн тенге көмек көрсететін болды. Одан кейін ұшақтың ұшқышы ол азамат Қарағандының азаматы екен. Сол жаққа апару керек. Соны апарып, жеткізіп, жерлеу, басқа шаруаларын сол компанияның есебінен жүретін болды. Ауыл тұрғындары өзіміз осындай бір жағдайларда қайтыс болса, қаржылай ақша жинап, сол отбасына береміз»,- деді Панфилов ауданы Шолақай ауылдық округінің әкімі, Тайыржан АСМАТУЛАЕВ.


Новости партнеров