«Жас екпін» өнерпаздар республикалық байқауы мәресіне жетті

19.03.2018 в 16:10

Кенен Әзірбаева атындағы «Жас екпін» өнерпаздар республикалық байқауы мәресіне жетті. Сайысқа 12 облыстан келген орта білім беретін оқу орындарынан келген 100-ге жуық өнерпаз бақ сынасты. Өнерпаздарға қойылған талап: халық әндерін және Кенен  Әзірбаевтың қоржынындағы әндерді нақышына келтіріп орындау. Тыңдарманды әсем үнімен баулыған Айдана Асанбай бас жүлдені жеңіп алса, домбыраның құлағында ойнаған Жұмаділ Серікболұлы күй тартудан ең мықты деп танылды. Екі жеңімпаз да Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің студенттері. Байқауға төрелік еткендер болса, төл өнерімізді жалғастыратын бүгінгі жастардың қарымы жақсы деп баға берді.

«Біздің көшімізден келе жатқан, соңымыздан келе жатқан керемет мықты- мықты жезтаңдай  әншілер күмбірлеген күйін кейінгі ғасырлап келе жатқан дүниені болашаққа алып бара алатын жақсы ұрпақты тәрбиеленіп келе жатқанына қуандық. Ішінде кәдімгі бүгін сахнаға шығарып жіберсеңіз дайын тұратын мықты  жас орындаушыларды көргенге көңіліміз толқып отырдық», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан СТАМҒАЗИЕВ.