Жаяу жүргіншілер көпірі құлап, адамдар қаза тапты

16.03.2018 20:41

АСТАНА, 16 наурыз — Sputnik. Флорида штатының Майами қаласында көпір құлап, төрт адам қаза тапты, тағы 9 адам зардап шеккен, деп хабарлайды РИА Новости Майами-Дэйд құтқару қызметінің басшысы Дэйв Дауниге сілтеме жасап.

«Үйінді астында тірі қалған ешкім жоқ екеніне көзіміз жеткенше, жұмысымызды жалғастыра береміз», — деді Дауни баспасөз мәслихатында.

Құтқарушылар иттермен бірге үйінді астынан адамдарды іздеп жатыр.

Жергілікті арна хабарлағандай, көпір салынып бітпепті. Салмағы 950 тонна бөлікті тіректің үстіне жақында ғана орнатқан – 10 наурызда.

Sputnik: https://sputniknews.kz/world/20180316/4930767.html