Жеке кәсіпкерлікті тіркеу ережесіне өзгерістер енгізілді

16.01.2017 15:38

Жеке кәсіпкерлікті тіркеу ережесіне өзгерістер енгізілді. Енді өз кәсібін заңдастырғысы келгендер том-том құжат жинамай, тек бір ғана хабарландыру арқылы салық органдарына тіркеле алады. Яғни, бұрын кәсіп иесі тарапынан арыз жазылып, бірнеше тиісті құжаттар талап етілсе, қазір кәсіпкерлер есебіне тұрғысы келген адам тиісті хабарландыруды жолдаса жеткілікті. Ол үшін еліміздің лицензиялау порталы арқылы немесе аудандық басқармаларға барып хабарландыру жолдау керек. Ал, мемлекеттік тіркеуде тұрғаны жөнінде қолма-қол куәлік берудің қажеті жоқ. Қазірдің өзінде хабарландыру жіберу арқылы Алматыда 1600-ден аса адам өз кәсібін заңдастырыпты.

«Үш режим таңдауға болады. Біріншісі патент. Оның артықшылығы - ол табыстан екі пайыз ғана төленеді, табысы 7 млннан аспау керек, оңайландырылған режимнен үш пайыз, жалдаутын жұмысшылардың саны 25-тен аспау керек. Егер ол келмесе үшінші жалпыға ортақ режимді таңдауға болады. Онда шектеу жоқ», - деді Алматы қаласы МКД түсіндіру басқармасының басшысы Заңғар ШЫНДАЛИ.