Биыл рухы асқақ, тұғыры биік төл мемлекетімізге 26 жыл толды. Бұл талай ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған қазақтың шыдамының өтуі. Еліміз деп еміреніп, қазағым деп қыршынынан қиылған боздақтардың жеңісі. Біз Тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Егемендік алғанымызға аз болсада, еліміз талай асуды бағындырды. Әлем қазақ елін таныды. Бұл біздің мақтанышымыз! Біз нағыз ердің жасында, ұлы мақсаттардың басында тұрмыз.