Жеңілдікке алданбаңыз: Алматыда турфирма қожайыны миллиондаған ақшаны клиенттерден алып қашқан

Жеңілдікке алданбаңыз: Алматыда турфирма қожайыны миллиондаған ақшаны клиенттерден алып қашқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық туроператорлардан тағыда түйткіл шықты. Бұл жолы шетелге  жеңілдікпен жолдама сатқан турфирма директоры  миллиондаған теңгені алып, қашып кеткен. Жылдап жиған қаржысынан қағылған халық жаздық демалысын  теңіздің жағасында емес, қаржысын даулаумен өткізбек. Бір қызығы жолдама сатқан менеджерлер де өздері жұмыс жасап отырған фирманың басшысын танымайтын болып  шықты.

Туристік жолдама сататын фирманың кеңсесіне келген халық "қаржымызды қайтармай қайтпаймыз" деп қарсылық танытып, кешке дейін кетпеді. Ал менеджерлер жалған жолдама сатқанымызды кеш біліп, елді өзіміз шақырып алдық деп отыр. Айтуларынша, туристердің шетелге ұшатын уақыты жақындаса да, фирма директоры ақшаны алып, ұшты күйлі жоқ болып кеткен.

«Операторлар жолдаманы тіркеу үшін бізден ақшаны талап етіп жатыр. Біз директорға айттық, ол еш мәселе жоқ, уайымдамаңдар деген. Демалушылар ақшаны толық төлеп біткенде, қаржыны алып жоқ болып кетті. Телефоныда өшірулі»,-деді туристік компанияның менеджері Диана ӘУЕЛХАН.

Менеджерлер бұл фирмада жұмыс  жасап жатқанымызға екі ай ғана болды, еңбек келісім шарты тұрмақ, директордың өзін көзбен әлі көрмедік,-дейді. Қос қыз жұмыстың бәрін тек телефон тапсырмасы арқылы жасап келген. Екі айдың ішінде жұмыскерлер тек 40 пайыз жеңілдігі бар жолдаманы 31 адамға сатқан.

«Докуев Алексей Борисұлы 1992 жылы туған. Мен оған жеке хабарласып, шетелде екі баламен ақшасыз қалып қоймайық деп хабарласқам. Ол менде елдің әр жерінен, Астанадан да туристер көп жолдама алған,-деді. Жолдама алу үшін ақшаның жартысын несиеге алдым. Құрбымда несие алды. Енді міне ақшада жоқ, демалыста жоқ»,-деді Әсел ЗАКИРОВА.  

Туристердің алғашқы тобы маусымның ортасында ұшу керек болған. Қаржысынан қағылған халық 19 миллион теңгесінен айырылған. Түркістандық қарт ана қызы мен немерелерін Түркияға жіберу үшін бір жылдан астам зейнетақысын жинаған. Енді шетелге кетеін уақыттарын күн санап күтіп отырған немерелеріме не деп айтам дейді?!  

«Түркістан қаласынанмын. Қызымда Түркістанда. Қызым алты баласымен демалып қайтсын деп осы агенттіктен жолдама алғанмын. Сөйтсем мынандай болып жатыр. 1 миллион 38 мың төледік. Бала болған соң скидкісімен деді. Мен қайдан білейін бұлай екенін»,-деді Зурия БАДАМБАЕВА.  

Әлеуметтік желідегі жарнамаға қызығып, тағы қанша адамның алданғаны нақты белгісіз. Тек Тараз қаласының өзінен 20 адам теңгесімен қоса демалыссыз қалды. Ашуға булыққан елде ертең агенттікке келмек. Жүйкелері сыр бере бастаған жұрт жымысқы әрекетке барған жас жігітті жылдам тауып берсе деп, полициядадан ғана үміттеніп отыр.

Әмірболат Құсайынұлы, Жанна Хабдулхабар, Асет Кундакбаев, Алматы телеарнасы


Новости партнеров