Қарттар қаланы аралады. Халықаралық қарттар күнінің қарсаңында Жетісу ауданының зейнеткерлері экскурцияға шықты. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен қариялар Алматының Арбат, Тұңғыш Президент саябағы, Орталық музей сынды көптеген көрікті жерлерін аралап көрді. Ауданның байырғы тұрғындарына әсіресе Панфилов пен Жібек жолы көшелерінің қиылысындағы жүргіншілерге арналған аумақ ұнаған.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Халықаралық қарттар күнінің аясында Жетісу ауданындағы 22 мыңға жуық қарттарға әртүрлі іс-шара барысында Алматы қаласында соңғы жылдары ашылған обьектілерге серуендеу ұйымдастырылып жатыр. 6 қазаннан бастап мүгедектерге арналған осындай шараларды жалғастырамыз. Енді шамамен 100-ге жуық мүгедекке осындай экскурция ұйымдастырайық деп отырмыз», - деді Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Санжар ТОҒАЙ.
¤Қарттардың көрікті жерлерді аралауына ауа райының қолайсыз, жаңбырлы болғаны да кедергі келтірген жоқ. Жалпы БҰҰ Бас Ассамблеясының 1990 жылы қабылдаған қарары негізінде бұл күн жыл сайын атап өтіледі. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының жіктеуінше, қарт адамдарға 60 пен 74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді. Елімізде бүгінгі таңда 65 жастан асқандар халықтың 7,5 пайызын құрап отыр.