Семей тұрғыны таксиде 2 мың долларын ұмытып кеткен

19.07.2018 18:39

Семей қаласының Затон аудандық полиция бөліміне таксиде 2 мың доллар салынған әмиянын ұмытып кеткен ер адам көмек сұрап, өтініш жазған, деп хабарлайды semeyainasy.kz Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Семейлік тұрғын такси көлігінде сонымен қатар, қуаттауға қойған ұялы телефонын да ұмытып кетіпті. Шығынның жалпы сомасы 700 000 теңгені құраған.

Аталмыш факті бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.