Қала тұрғындары табылған күзенді үйге апарудан жүрексініп, қалалық мал дәрігері клиникасына тапсырған, деп хабарлайды YK-news.kz.
12 тамыз күні қала тұрғыны Алексей Ануфриев үйіне келе жатып, Михаэлис көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің кіреберісі маңынан ерекше жануарды көзі шалады. Алексей жақын барып қарағанда, оның сасықкүзен екенін көреді. Күзеннің адамға үйірсек екені бірден байқалған. Ер адам жылдам үйінен қорап әкеліп, кішкентай аңды көп қиналып жатпастан салып алады.
Алексей күзенді үйінде ұстауға жүрексінеді, оның үстіне, үйінде басқа да жануарлары бар екен. Сондықтан жануарды ветеринарлық клиникаға тапсырғанды жөн көреді. Енді Алексей де, жан-жануарларды қорғаушылар да кішкентай аңның иесін іздестіруде.