ҚазАқпарат -Қарағандыда 10 қабатты тұрғын үйдің лифт шахтасынан өрт шығып, 41 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды ekaraganda.kz.
«Кеше, 8 сәуір күні сағат 14.58-де Гүлдер-1 шағын ауданындағы 14-үйдің лифт шахтасынан өрт шыққаны туралы хабар келді. Қоқыс жанған. Жалын 1 шаршы метр аумақты шарпыған. Бірақ қою қара түтін салдарынан 41 адамды, соның ішінде 3 баланы эвакуациялауға тура келді. Өрт сөндірілді, ешкім зардап шеккен жоқ», - деді Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Өрт сөндіру қызметінің көмегі қажет болмаған. Дегенмен, құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жеткен. Алайда олар басқа бір қиындыққа кез болды, үйдің ауласында машиналардың көптігі кедергі жасаған. Оның сөзіне қарағанда, мұндай жағдай жиі кездесіп отырады. Ведомство жүргізушілерді аулаға кіретін жолдарды көлік құралдарымен жауып тастамауға шақырады.