Алматыда "Қалқаман" ықшам ауданының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Алматыда "Қалқаман" ықшам ауданының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалқамандықтардың кеңезесі кеуіп отыр. Аптап ыстықта ашпысы қуырылған жұрт - әрбір үйге су құбырлары жүргізілген дейді. Алайда, құбыр салынғанымен ауыз су әлі күнге берілмепті. Ал, жауаптылар тұрғындарға тіршілік нәрінің беруілмеуінің өзіндік себебін айтады. Түйткілдің түйіні не себепті тарқамай жатқанын Өмір Әнуарбек біліп қайтты.

Қазір "Қалқаман" ықшам ауданында 7 мыңға жуық үй бар. Қала іргесінде болғанымен, халқы ауыз судан таршылық көріп отыр. Осыдан үш жыл бұрын ауданға су құбырлары орнатылыпты. Алайда тіршілік нәрі бұқараға сол күйі берілмеген. Себебін тұрғындардың өздері де білмейді.                      

«Трубаны ауыстырды да, ойбай су болады деді. Бір су береді де, одан кейін жоқ болады. Жыл сайын су болмайды ғой. Қыстың күні су болады, болды. Именно жаздың күні су жоқ»,- деді Тұрғын, Марат БАЙҚАШЕВ.

Аптап ыстықта ауыз суға жарымаған тұрғындар жауаптылармен жүздесуден жалықтық дейді. Барған сайын, құрғақ уәде береді деумен келеді. Анығын анықтамаққа "Алматы су" холдингі қызметкерлеріне жүгіндік. Олар қордаланған осы жайтта шешімін тапппаған бір түйіткіл бар дейді. Сөйтсе, су құбырлары үйлеріне жүргізілген тұрғындар компаниямен келісім шартқа отырулары керек. Кейін, есептеуіш құралдар орнатылып, су беріледі. Ал оған дейін бұқара суды сатып алуға мәжбүр.    

Қазір холдинг мамандары әрбір үй иесімен жолығып, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлығы талапқа сай болу керектігін ескертуде. Осы күнге дейін ықшам аудандағы небәрі 600 адамнан ғана өтініш келіп түскен. Олар келісім шартқа отыруға ықтиярлық танытыпты. Қалғандары - үн-түнсіз.  

«Жаңа құбыр бар. Бірақ ол жана құбырға толығымен барлық үйге келіп тұр. Бірақ біз суды жібере алмаймыз. Оны біз бірінші түсінуіміз керек. Неше үй бар? Яғни, проектте бір болса, келгенде үш үй болады. Сондықтан неше адам тұрады? Қандай құжаттама? Құжаттамасы бар ма? Жоқ оны зандастыру керек па? Соның бәрін нету үшін тұрғын, бізге келіп, құжаттамаларын алып келу керек»,-деді "Алматы су холдингі" МКК қоғаммен байланыс жөніндегі маманы, Серік ШАҒЫРОВ.

Еріндері кебірсіген жұрт осыған дейін тіршілік нәрін орталық су құбырына қосылып, тұтынып келген. Ақысын өздері сайлаған төрағаға жинап, компанияға төлеп жүрген. Бірақ араларында берешегі барлар көп екен. Жалпы, қарыз көлемі 4 млн теңгеге жуықтайды. Берешек өтелмей, олар холдингпен келісімшартқа отыра алмайды.

Өмір Әнуарбек, Әсет Құндақбаев, "Алматы" телеарнасы


Новости партнеров