Қазақстандықтар желтоқсанда неше күн демалады
Almaty.tv (Коллаж)
Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, мереке атап өтіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесі елімізде 16 желтоқсанда, дүйсенбіде атап өтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осылайша, қазақстандықтар желтоқсанда Тәуелсіздік күніне – 2024 жылы 16 желтоқсанға қосымша демалады, демек:
- бес күндік жұмыс аптасында – 14, 15, 16 желтоқсан демалыс күндері болады;
- алты күндік жұмыс аптасында – 14 желтоқсан жұмыс күні, 15 және 16 желтоқсан демалыс.
Сонымен қатар желтоқсанда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс және демалыс күндеріне қарамастан, мереке атап өтіледі.
Кәсіби мерекелердің тізбесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді:
- 5 желтоқсан – Адвокатура күні;
- 6 желтоқсан – Прокуратура күні;
- 15 желтоқсан (желтоқсанның үшінші жексенбісі) - Энергетика күні;
- 20 желтоқсан – ҚР Мемлекеттік фельдъегерлік қызмет күні;
- 22 желтоқсан – Мұрағатшылар күні.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
22.11.2026 14:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.11.2026 09:12
Газдалған тәтті сусындардың адам ағзасына зияны қандай
22.11.2026 14:36
Грек жаңғағы қандай жағдайда зиянды болуы мүмкін
22.11.2026 15:55
22 қарашаға арналған валюта бағамы
22.11.2026 09:46