Жоламан ауылының жұрты жолсыз қалды

Жоламан ауылының жұрты жолсыз қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоламанның жұрты жолсыз қалды. Алматы облысынның Кербұлақ ауданына қарайтын ауыл халықаралық автожолдан небәрі 12 шақырым ғана болса да, халықтың қоғаммен қатынасы қиындап кеткен. Шыдамы таусылған елдің айтуынша, Кеңес кезінен қараусыз қалған қара жолды соңғы екі жылда шиыршық тас тасыған камаздар тас-талқанын шығарған.


Бұрынан берекесі қашқан ауылдың соңғы 7 жылда жолы мүлдем жасалмай, жұрт жыларманға жеткен. Аудан орталығы Сарыөзектен Жоламанға бұрылатын жер 40 шақырымдай. Осы екі ортаға 20 минутта жеткенмен, ауылға дейінгі он шақырымнан астам жол жүйкені жеп жібереді. Жалпы Кербұлақ ауылында 64 елді-мекен болса, олардың көбінде осы жол мен су жөнді шешілмеген. Тек биыл облыстан суға 500 миллион, жолға жарты миллиардқа жуық теңге бөлініпті. Бірақ бұл бөктердегі бұқараның бар мәселесін шешуге аздық етеді. Ал Жоламан ауылына жету оңай емес, жолда жүргізушіміз екі рет дөңгелегін ауыстырды. йЖол азабын жүрген біледій демекші елдің халін сюжеттен көрейік.


12-13 шақырымдай ғана Алматы-Өскемен автожолына жету үшін ел көлікпен кемінде 40 минуттай жүруге мәжбүр. Қазылған қара жолдан жүруден қажыған халық бұл аумаққа соңғы рет қашан жөндеу жұмыстарының жүргізілгенінде  ұмытқан. Ат шаптырымдай ғана аумақтың азабын әбден тартқан ел енді ойылған жолды қойып, сай-сайды қуалап, ақ шаңмен жүруге мәжбүр. 


Жоламан ауылында екі мыңға жуық халық тұрады. Жұрттың көбі жұмыссыз. Әйелдер арқарлы асуында құрт-көже сатып күн көрсе, жастары қалаға қотарыла қашқан. Мал басын көбейту, егіс алқабын кеңейту сынды мелекеттен қолға алынып жатқан көптеген бағдарламалардың біріде бұл ауылға жетпеген. Кезінде дүркіреп тұрған элеватор, мал фермасы сынды орындар қаңтарылып қалғандықтан, жұмыссыз еркектердің көбі бөтелкемен жолдас болып кеткен, дейді.


Қалтарыстағы халықтың қатынас жолы соңғы үш жылда мүлдем жырымдалып, жоғалып кеткен. Алматы-Өскемен бағытында күрежол салған фирмалар осы жол арқылы  шиыршық құм тасыған. Ауыр жүк көліктерінің жүргенін көтере алмай, бүлінген жолды компанияның басшылары құрылыс аяқталған соң жөндеп береміз деп сендіргенмен, соңында сөздерінде тұрмаған. Ал ауылдың проблемасын көтерген халыққа ренжіген әкімнің сөзінше, жолға үш ай сайын жөндеу жүргізіліп тұрған.


Бірді айтып, бірге кеткен ауыл әкімінен жөнді мағлұмат ала алмаған соң ауданға келдік. Ал Кербұлақ ауданының әкімі биыл жоламандықтар қанша жерден шуласада жол жасалмайды, дейді. Айтуынша, ауданға бөлінген жарты миллиардқа жуық теңгеге Сарыөзек кентінің ішкі жолдары түгелдей жаңартылып, 27 мыңдай халқы бар Қоғалы округіне баратын 15 шақырым жол жасалған.


«Мен ішкі жолдардан Сарбұлақтың, Жоламанның жолына облыстық  жол басқармасына хат жазамын. Өтініш беріп барып алатын ақша. Биыл ешқандай  жол жоқ. Болды. Жылдың аяғы болды. Енді ақшаны алып, тендр өткізіп жол жасау деген болмайтын нәрсе. Келесі жылы жасалса Құдайға тәуба», - деді Кербұлақ ауданының әкімі Бағдат ӘЛИЕВ.


¤Жиі көлігі сынып, жүргізушілердің дөңгелегін  жамауы мен Жоламанға көрші ауылдардан қатынап оқитын оқушылардың сабаққа кешігіп келуі қалыпты жағдайға айналған. Келбеті кеткен Кербұлақ ауданының адамдары ауыз суға  да жарымай отырмыз, дейді. Күніне 3-5 сағат қана су беріледі. Жағдайы кеткен жұрттың жайылымы да тарылып, ауылдың төбесіндегі сасық көл тасуға таяу қалған. 


Новости партнеров