|
13.02.2017 | 11:48
1444

Димаш Құдайбергеновке қазақ шенділері көмектерін аямауда

Димаш Құдайбергеновке қазақ шенділері көмектерін аямауда

Димаш Құдайберген әлемдегі санаулы таланттардың бірі. Ал  сол ұлтымыздың мақтанышына айналған  қазақ баласына қазақ шенділері көмек бермеді деу ағаттық. Үкіметте Мәдениет және спорт министрлігінің мамандары дарынды балаға бар жағынан қолдау көрсетіп жатқандықтарын айтты. Қытайдағы әлемге аты мәшһүр «I am singer» байқауына қатыспай тұрыпта жас дарынға құрмет ерекше болған. Мемлекеттік маңыздағы бірде бір концерт дарабоз ұлсыз өтпеген. Димаш қазір Қазақ ұлттық өнер университетінің 3-курсында оқиды.  Осы білім ордасы атынан жақында «Канн» фестиваліне қатысып, концерт береді деп жоспарланған. Тағы бір үлкен мақсат, Димаштың  «Евровидениеге» қатысуы үшін Мәдениет және спорт министрлігі арнайы жұмыс жүргізуде. Қытайдағы сайысын аяқтағаннан кейін де жерлесімізді әлі үлкен жобалар күтіп тұр.

«Димаш табиғатынан таланты бөлек ерекше тұлға және дәл осы шағында биік асуларды бағындыратын мезгілі. Біздің классикалық музыка саласында Димаштың дауысындай дауыс жоқ. Әлем бойынша алсақ, тіптен саусақпен санарлық. Витастың алған нотасын біздің бала бес есе жоғары алады. Бұл дегеніңіз таңғажайып құбылыс»,- деді ҚР мәдениет және спорт вице-министрі, Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА. 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир