Мамандардың сөзінше, танымал сусындардың қатарында бас ауруын немесе бастың сақинасын жеңілдетуге көмектесетіндері бар. Ең бастысы - қандай шай ішу керегін білу, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.
Шайдың құрамында кофеиннің әртүрлі мөлшері болады. Егер оны тым көп ішсеңіз, онда адамның күші күрт азайып, күйзеліске, тіпті бас ауруына тап болу қаупі бар.
Сонымен қатар, шайдың құрамында таниндер де бар. Бұл - ағаш қабығында, жемістерде, тұқымдарда және кейбір шай жапырақтарында кездесетін табиғи химиялық заттар. Егер адам бір күн ішінде тым көп шай ішсе немесе таниндерден жағымсыз әсер алса, онда мұның бәрі бас ауруымен аяқталуы мүмкін.
Назардан тыс қалмайтын тағы бір зат - гистамин. Бұл қызыл шарап, айран сияқты кейбір тағамдар мен сусындарда кездеседі. Гистамин тамырлардың кеңеюіне әкеп соғады. Осылайша, ол жедел қабыну реакциясын тудырады.
Диетолог Маша Дэвистің айтуынша, шайдың кейбір түрлері бас ауруын тудыруы мүмкін. Олардың ішінде мына түрлері бар:
матча,
қызыл күрең қара шай,
сүт қосылған улонг,
бергамот қосылған қара шай.
Сонымен қатар, керісінше жүйке жүйесінің босаңсуына көмектесетін шайлар да бар. Нәтижесінде адам тынышталады, сондықтан бас ауруы кетеді.
Бұл тізімде мына шайлар бар:
жалбыз шайы,
лаванда шайы,
түймедақ шайы,
зімбір шайы,
куркума шайы.
Оқи отырыңыз: Үш жасар қыз ерекше ауруға шалдығып: әйнек пен ағаш жей бастаған