Діни көзқарасты ұстанатын ата-аналардың жеке мектеп ашуға мүмкіндігі бар

17.01.2018 15:20

Діни көзқарасты ұстанатын ата-аналардың жеке мектеп ашуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді. Ведомство басшысы, діни оқу ордасын ашу туралы ел тұрғындарынан ұсыныс келіп түсті деді. Оның айтуынша, жеке мектеп ашуға кім болса да құқылы. Ол заңда көрсетілген. Дегенмен, кейбір ережелерді ұстану қажет. Министр, аталған білім ордасының қарапайым мектептерден несімен ерекшелетініне де тоқталды.

«Жеке мектептерде ұлдар мен қыздар бөлек оқиды. Сонымен қатар, онда орамал тағатындар немесе хиджаб кимейтіндер де білім ала береді. Медреселерден айырмашылығы сол ғана. Ал, білім беру жүйесі діни мектептермен бірдей. Сондықтан, ата-аналар мұндай білім ошағын ашуға толықтай құқықтары бар. Тек заңда көрсетілген талаптарға сай келсе болғаны», - деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ.