|
26.05.2017 | 12:52
2188

Өркен Азаматұлын өлтіргендер сотта соңғы сөздерін айтты

Өркен Азаматұлын өлтіргендер сотта соңғы сөздерін айтты

Қарасай аудандық сотында көптің жанын түршіктірген атышулы істің жарыссөз кезеңі өтті. Прокурор өзінің өгей баласын аяусыз өлтірткен келіншекті 25 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Осы іске қатысы бар тағы 4 азаматқа да жасаған кінәсіне қарай айыпты оқыды прокурор. Соңғы сөздерін айтқан айыпталушылар істеген қылмыстарын мойындады ма? Сот отырысынан толық ақпаратты Жадыра Омаржан жеткізеді.

Жаға ұстатарлық жағдай Қарасай аудандық сотында ашық қаралғанмен, бұл жолы журналистерге түсірілім жасауға мүлде рұқсат берілмеді. Атышулы істің жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы судьядан жаза сұрады.  Жәбірленуші мен айыпталушылар соңғы сөздерін айтты. Тек Шәрипа Ақбердиева соңғы сөзін ертең айтуды өтінді.  Туыстарды арасына жік түсірген қылмыстық істе әркім өз басын қорғауға тырысты. Ал жазадан құтылғысы келген басты айыпты Шәрипа Ақбердиева ақыл-есінің кем екендігін айтып, отырысқа сарапшы шақыртуды сұрады. Белгілі болғандай, Шәрипа 1994 жылы Шымкентте психикалық емханадан қашып кеткен екен. Дегенмен, адвокаттың арызын судья қанағаттандырмай тастады. Ал атышулы істе көлік жүргізушісі қызметін атқарған Руслан Муталиповтың туыстары баланың жазықсыз күйіп кеткенін айтып жылап отыр. Айтуынша, ақкөңіл інісі тіпті қызметінің ақысына да келіспепті. 

«Ешқандай кінәсі жоқ оның. Біреудің көңілін қимайды ғой бұл бала. Ол жаман бала болатын болса ана жерде жұлынып сөйлеп, тұрмай ма? Көріп тұрсыңдар! Бір кінәсі 1000 теңге ма сонда? Келіспеген ол. 1000 теңге өздері берген ол. 1000 теңге алған болды сонымен»,- деді Р. Муталиповтың туысы, Жібек СИҚЫМБАЕВА.

5 күдіктінің ішінде алғашқылардың бірі болып кінәсін Қадіржан Гулямов пен Айдана Ақбердиева мойындады. Ал Руслан Муталипов қылмыстық іс туралы білмегенін айтып отыр. Дегенмен сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде ол кінәсін мойындаған екен. 11 жасар Өркен Азаматұлын өлтіркен өгей шешесі Шәрипа Ақбердиева мемлекеттік айыптаушы 25 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Қадіржан Гулямовке 12 жыл, Темір Ақбердиевке 23 жыл және Айдана Ақбердиеваға 18 жыл ал Руслан Муталипевке 20 жыл. 

«Айуандықпен өлтірткендердің жүзінен өкінішті байқамаған туыстары судьядан жазаның әділ берілуін сұрады. Соңғы отырыс ертең сағат 10.30-ға белгіленді»,- деді Жәбірленушілердің қорғаушысы, Айман ОМАРОВА.

Жадыра Омаржан, Мұрат Тайжан, Рәшид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы



 

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир