Алматылық автокөлік иелері мемлекет қазынасына 6 миллиард теңге қарыз

27.03.2017 16:44

Алматылық автокөлік иелері мемлекет қазынасына 6 миллиард теңге қарыз. Жыл басынан бері көлік салығын төлемеген 20 мың борышкердің ісін сотқа жолдаған. Оның үштен бір бөлігіне темір тұлпарын пайдалануға тыйым салынса, 4 мыңына ел аумағынан шығуына шектеу қойылды. Ал мыңға жуық тізгіншілер көлік салығын сот шешімі шыққанша, төлеп тастаған. Мереке қарсаңында қалалық мемлекеттік кірістер департаменті жаңа бастаманы қолға алды. Ұялы телефон операторларымен бірлесе отырып, қалалық барлық абоненттерге салық қарызын өтеу қажеттігі туралы смс хабарлама жолдады.


«СМС-те сомма көрсетілмеген, сомманы біздің ресми сайтта көруге болады. Тізімін біз орнатқанбыз. Болмаса комитеттің ресми сайтында базасы бар, ол жерге енгізілген болмаса, қанша берешегі бар екендігін бізге хабарласып, білуге болады», - деді Алматы қаласы мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының басшысы  Заңғар ШЫНДАЛИ.


Теги: штраф