Доллар бағамы тағы көтерілді

01.08.2018 23:11

Төл теңге тағы төмендеді. Бүгін Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллар бағамы 348 теңге 58 тиынға теңесті. Ал таңертең АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамы 348 теңге 16 тиынды көрсеткен.

Осы уақытта Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 349 теңге 50 тиыннан саудалануда. Түске дейінгі шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 124 миллион АҚШ долларына жетті. Әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 73 долларды құрап отыр.