Теңге нығайып жатыр

14.09.2018 17:58

Ұлттық валюта бағамы KASE қор биржасының таңғы саудасында 373,46 теңге болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

14 қыркүйектегі таңғы сауда-саттықтың бірінші келісімі 374,1 теңгемен өтті. Бұл максималдық құны болды. Минималдық құны – 374,1 теңге. Сауда көлемі 36,15 миллион доллар болды.

Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындарында ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 373-375,5 теңге аралығында саудаланып жатыр. Brent маркалы мұнайдың бағасы Астана уақытымен сағат 10.57-де 78,37 доллар болды.