Павлодар-Қызылорда тас жолында екі адам қаза тапты

Павлодар-Қызылорда тас жолында екі адам қаза тапты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар-Қызылорда тас жолында болған жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратынша HYUNDAI ACCENT және LEXUS RX 300 автокөліктері Павлодар-Қызылорда тас жолының 45-ші шақырымында бетпе-бет соқтығысқан.

«Салдарынан екі көлікті тізгіндеген 45 және 54 жасты жүргізушілер оқиға орнында жан тапсырған. «Лексус» автокөлігінде болған 2016 және 2018 жылы туған балалар және екінші көлікте болған 45 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген. Аталған көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345 бабы, 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді баспасөз қызметінде.

Облыстық денсаулықсақтау басқармасы баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, балалар бассүйек миының жабық жарақаты және жұлын ми жарақатын алған.


Новости партнеров