Алматыда жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан бір отбасын көлік қағып кетті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан түгелдей бір отбасын көлік қағып кетті. Жол апаты Момышұлы көшесіндегі «Алматы арена» спорт сарайы маңында орын алған. Жолда жүйіткіген «Лексус» маркалы автокөлік екі балалы ерлі-зайыптыны қағып, қызын жанап өтсе, 55 жастағы отағасының аяғы сынып ауыр жарақаттанған. Зардап шеккен азамат дереу ауруханаға жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілген. Ал қызы ауруханаға жатудан бас тартыпты. Әзірге көлік жүргізушісінің ешқандай алкогольді ішімдік ішпегені ғана белгілі. Мән-жайды полиция анықтап жатыр.

«Алтаев деген науқас жасы 55 жаста. Жарақаты түскен кезде өте ауыр болды. Келіп түскен кезіндегі жарақаты үйлескен жарақат, бас миының жабық жарақаты, бас миының шайқалуы. Оған қоса асықты және кіші жіліншіктерінің жоғары үштен бір бөлігінің жабық сынығымен біздің ауруханаға келіп түсті. Асықты жілік сүйегінің үштен бір бөлігін ашық түрде орнына келтіріп, бұрандалармен орны бекітілді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты»,- деді №7 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігер-травматологы, Бауыржан БОЛАТБЕКҰЛЫ.


Новости партнеров