|
27.08.2018 | 11:14
1737

Алматы тауларында екі испандық қызды құтқарды

Алматы тауларында екі испандық қызды құтқарды

Кеше Үлкен Алматы көлі аумағында екі Испания азаматшасы жоғалып кеткен. Абырой болғанда, қыздарды Жедел құтқару тобы ажалдан аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«26 тамызда 16.09-да Алматыда республикалық жедел құтқару жасағына Үлкен Алматы көлі аумағындағы шыңда екі қыздың жоғалғандығы туралы қоңырау шалынған. Сағат 16.24-те  республикалық жедел құтқару жасағының тобы, ішінде кинологтар да бар, қыздарды іздеу үшін оқиға орнына шұғыл аттанды. Сағат 18.06-да туристер табылып, оларды таудан түсіру жұмыстары басталды. Арада 50 минут өткенде шетелдіктер қауіпсіз жерге жеткізілді», – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Испания азаматшаларын көліктеріне дейін апарған, оларға медициналық көмектің қажеті де болған жоқ.  


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир