Екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктері парамен ұсталды

10.10.2017 23:21

Екі министрліктің жоғары лауазымды шенеуніктері парамен ұсталды. Ұлттық Бюро қызметкерлері, ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитетінің басқарма басшысы Мырзатаевты 4 миллион 300 мың теңге сомасында пара алып жатқан жерінен ұстаған. Күдікті келісімшарттар бойынша жеделдетілген төлем жасағаны үшін жүйелі түрде ақша алып отырған. Ал 9-шы қазанда ол қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Медеубековке тендер қорытындысын жою үшін 1 миллион теңге берген. Бұл әрекеттері үшін қазір екі шенеунік те уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот алды тергеу жүріп жатыр