Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі қолданылған жарылғыш зат Гонконгтан табылды

25.01.2017 15:39

Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі қолданылған жарылғыш зат Гонконгтағы құрылыс аланынан табылды. Снарядтың өлшемі 120/30 сантиметр ,салмағы 227 килограмм шыққан. Аталған қару  Америка құрама штаттарында жасалыпты. Саперлердің айтуынша бомбаның құрамында 120 килограмға жуық жарылғыш зат бар. Қаруды тасымалдау қиын болғандықтан, арнайы мамандар жарылғышты құрылыс алаңында зиянсыздандырған.  ¤

«Бұл бомба  AN-64.Бұл құрылғыны әуеден тастаған ,ол адам өміріне өте қауіпті. Жарылыс барысында бомбаның ұшқындары  2000 метрге ұшуы мүмкін, сол себепті бұл қашықтықты 400 метрге дейін алдық»,- деді Полиция қызметкері, Тони ЧХОУ.

Дереу,,арнайы қауіпсіздік шаралары жасалып, құрылыс алаңынан ондаған құрылысшы мен жақын манда орналасқан жатаханалардан студенттерді қауіпсіз жерге көшірген.  Кесірінен жолдағы қозғалыс сегіз сағатқа тоқтатылды. Снарядты жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 3 зиянсыздандырған. Гонконг - бұрынғы Британдық колония болғандықтан,  залалсыздандырылмаған бомбалар жиі табылып жатыр. Айта кетейік, ең үлкен жарылғыш құрылғы 2014 жылы табылған болатын.